Бұны білу маңызды!

Қылмыс туралы ауызша хабарламалар мен жазбаша өтініштер тәулік бойы құқық қорғау органдарында қылмыс жасау жеріне және уақытына тәуелді емес қабылданады.

Сіз хабарламаны қабылдаған қызметкер және оның қолы, тіркеу нөмірі, құқық қорғау органының атауы, мекенжайы және телефоны, хабарламаны қабылдау күні туралы мәлімет көрсетілетін талон-хабарламаны немесе құқық қорғау органында оны тіркеу туралы белгісі бар өз өтінішіңіздің көшірмесін алуға құқылысыз. Сізден алынған хабарлама (өтініш) құқық қорғау органында шұғыл тіркелуі тиіс және Қазақстан Республикасының заңнама талаптарына сәйкес процессуалдық әрекеттерді жүзеге асыру үшін жоғары басшыға жеткізіледі. Сіздің өтінішіңізді орындаумен айналысу тапсырылған құқық қорғау органында Сіз қабылданатын шаралардың сипатын анықтауға және Сіздің құқығыңыз бен заңды мүдделеріңізге қатысты мәселелер бойынша аса толық ақпарат алу үшін тиісті бөлімшенің басшысын Сізді қабылдауды талап етуге құқылысыз.

 

Пара беру туралы Сіздің хабарламаңызды (өтінішіңізді) қабылдаудан бас тартқан жағдайда

  • Сіз жоғарғы инстанциялардың заңсыз әрекеттеріне шағымдануға, сонымен қатар құқық қорғау органдарының қызметін прокурорлық қадағалауды жүзеге асыратын жоғарғы органына құқық қорғау қызметкерлерінің заңсыз әрекеттеріне шағым беруге құқылысыз.
  • Ынталандыру түрлері... Қазақстан Республикасының Үкіметі сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық фактісі туралы хабарлаған немесе сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылда өзге де жолмен жәрдемдесетін адамдарды көтермелеу қағидаларын бекітті (Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 30 желтоқсандағы № 1131 қаулысы).
  • Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық фактісі туралы хабарлаған немесе сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылда өзге де жолмен жәрдемдесетін адамдарға біржолғы ақшалай сыйақы түрінде жүзеге асырылатын көтермелеу белгіленеді.