Тел. (71063) 3-25-81, 3-51-00,
- «Күншуақ» бөбекжайы» КМҚК-ның бос орынға тәрбиеші лауазымына конкурс жарияланады.
Міндеттері: балалардың өмірі мен денсаулығын қорғауды қамтамасыз етеді, оларды тәрбиелеу мен оқытуда денсаулық сақтау технологияларын қолданады.
Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың мемлекеттік жалпыға міндетті стандартының талаптарына, жас ерекшелік топтарындағы үлгілік оқу жоспарына сәйкес ұйымдастырылған , оқу іс-әрекетінің кестесіне сәйкес педагогикалық процесті жүзеге асырады, пәндік-дамыту ортасын жасайды, балалардың іс-әрекетіне (ойын)қадағалайды , когнитивтік, қозғалыстық, көрнекі, еңбек).
Балалармен жұмыс жасауда тұлғалық-бағдарлы көзқарасты жүзеге асырады.
Дамуында ерекшелігі бар балалармен ,түзеу жұмыстары саласындағы мамандарға көмек көрсетеді, жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын, оқу әдебиеттерін зерделеу негізінде және топ балаларының жеке білім беру қажеттіліктерін ескере отырып, тәрбие жұмысын жоспарлайды.
Қол жеткен нәтижелерді талдау негізінде оқу іс-әрекетін жобалайды.
Ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларды және әдетте дамып келе жатқан балаларды мектепке барған кезде тең бастау мүмкіндіктерін қамтамасыз ету үшін бірлесіп оқыту мен ,оқыту жағдайында әлеуметтенуді қамтамасыз етеді.
Мамандардың ұсыныстарын ескере отырып, ерекше білім беру қажеттіліктері бар әрбір балаға жеке көзқарасты қамтамасыз етеді.
Отандық және шетелдік тәжірибені зерделеу негізінде озық тәжірибені зерттеу, жалпылау, тарату және енгізумен айналысады.
Ата-аналарға мектеп жасына дейінгі балаларды тәрбиелеу мен оқыту бойынша кеңестер береді. Балалардың мүдделері мен құқықтарын қорғайды.
Ұйымда білім беру процесінің барлық субъектілерінің, соның ішінде балалардың отбасыларының қатысуымен «Құндылықтарға негізделген білім» тұжырымдамасын жүзеге асырады.
Лауазымдық жалақысының мөлшері: еңбек өтіліне және қолда бар санатына байланысты 104 766 теңгеден.
- Біліктілік талаптары:
кәсіптік білім немесе педагогикалық қайта даярлауды растайтын құжат, жұмыс стажына талаптар қойылмайды немесе тиісті бейін бойынша техникалық және кәсіптік педагогикалық білім жұмыс стажына талаптар қойылмайды;
Біліктілігінің жоғары деңгейі болған жағдайда педагог-шебер үшін педагогикалық жұмыс өтілі-5 жыл;
Біліктілігінің жоғары және орта деңгейі болған кезде педагогикалық жұмыс өтілі: педагог-модератор үшін кемінде 2 жыл, педагог-сарапшы үшін кемінде 3 жыл, педагог – зерттеуші үшін кемінде 4 жыл.
- Құжаттар 2022 жылғы 07 шілдеден бастап 2022 жылдың 15 шілдеге дейін қабылданады.
- Электрондық немесе қағаз түрінде ұсынылған құжаттар тізбесі:
- Конкурсқа қатысуға өтініш;
- жеке басын куәландыратын құжат немесе цифрлық құжаттама қызметінің электрондық құжаты;
- Кадрларды есепке алудың толтырылған парағы;
- Педагог қызметкерлердің үлгілік біліктілік сипаттамаларында бекітілген лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес білімі туралы құжаттардың көшірмелері;
- Еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі (бар болса);
- «Денсаулық сақтау саласындағы бухгалтерлік құжаттама нысандарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қарашадағы No ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен бекітілген нысандағы денсаулығы туралы анықтама;
- Психоневрологиялық ұйымнан анықтама;
- Наркологиялық ұйымнан анықтама;
- Ұлттық біліктілік тестілеуінің сертификаты (бұдан әрі – ҰБТ) немесе педагог-модератор, педагог-сарапшы, педагог-зерттеуші, педагог-магистр біліктілік санатының сертификаты (бар болса);
- Уақытша немес бос тәрбиеші лауазымына үміткердің толтырылған бағалау парағы.






